мақта, мата, импорт, экспорт,

Қазақстан мақта өндіргенімен мақтаны шетелден сатып алады

Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.  

Мәселенің мұндай «абсурд» күйге түсуіне Қазақстанның импорт пен экспорт жүйесінің дұрыс жолға қойылмауында. Нақтырақ айтқанда импорттық тәуелділіктен толық арыла алмағандықта.

Мәселен, Қазақстан соңғы бір жылда 69 мың тоннаға жуық мақтаны шетелге сатқан. Түркияға 18800, Латвия 13800, Молдова 12200, Теріскей мен Шығыстағы көршілерімізге 8000-10000 тонна ақ алтын экспортталған. Мұндай сатып алушы елдердің қатарында Қытай мен Ресей де бар.

Алайда, Қазақстан мақтаны өндіріп, шетелге сатқанымен, матаны өзге елдерден сатып алады. Былтыр 9 мың тоннадан астам матаның 4 мыңы Қытайдан, 3300 -і Өзбекстаннан, 1200 тоннасы Ресейден импортталған.


Обсуждать