көлік, жол ережесі, электросамокат,

Қазақстанда жол жүру ережесіне жаңашылдық енгізілмек

Елімізде жол жүру ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа стандартқа сәйкес, көлік жолындағы бір тұтас, қос тұтас және үзік жолақтар сары түспен боялмақ. Оған қоса, қабылданғалы жатқан құжатта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса ден қойылған.

Мамандардың айтуынша, еліміздің әр қаласында жақын арада сары түсті тор жолақтар, әрбір бағдаршамға таймер, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін көлік тұрақтайтын орындарда биіктігі бір метрлік кедергілер орнатылады. Сонымен қатар, электромобильдерді зарядтау бекеттері маңына арнайы белгілер қою да жоспарда бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда электрсамокат жайлы құжатқа өзгерістер енгізіліп, заңнаманың жаңа стандартқа сай әзірленіп жатқаны хабарланған болатын. Аталған ережелерге сәйкес, электрсамокат жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін шектелмек. Мамандар бұл құжат тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін алға тартады.


Обсуждать