Елжан Біртанов, сот, қамау, министр, бостандық,

Экс-министр Біртанов босатылуы мүмкін

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сот залынан босап шығуы мүмкін. Бұл ақпаратты dalainside телеграмм каналы жеткізді.

"Негізі Біртановты Назарбаев кланының шенеуіктері пандемия кезінде Ұлттық қордан бөлінген қаржыны жеуге кедергі болмасын деп, түрлі сылтаумен қылмыстық іс қозғап, алып тастаған болатын. Қазір оған деген көзқарас өзгерді. Егер шетелден шақырған мамандар сотта министрлік қабылдаған ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істейтіндігін дәлелдеп берсе, онда оған тек "санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды" деген айып қана қалады. Ол бойынша, айыппұл төлеп, шартты жазамен сот залынан босап шығуға мүмкіндік бар", — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда экс-министрдің ісі сотта мұқият қаралып жатыр. Елжан Біртанов білікті дәрігер болғандықтан, түрмеден босап шыққаннан кейін дәрігерлік ісін қайта жалғастыруы мүмкін.


Обсуждать