интернет, интернет ресурс, сілтеме, сайт, тыйым салу, шектеу, ақпарат,

Елімізде 700-ге жуық ақпарат ресурсына шектеу қойылды

Қазақстанда 700-ге жуық интернет ресурс пен сілтемелерді таратуға тыйым салынды. Олар Қазақстан заңнамасының негізгі талаптарын сақтамаған.

“2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес, уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылған”,-делінген хабарламада.

Себебі, аталған ресурстардан төмендегідей заң бұзушылақтар анықталды:

экстремизмді насихаттау – 5;

порнография тарату – 133;

есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары әрі прекурсорларын насихаттау – 20;

ойын бизнесі – 272;

жарнама – 24;

әкімшілік құқық бұзушылық – 4;

алаяқтық – 197;

баланың денсаулығы, адамгершілігі және рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат орналастыру – 18.


Обсуждать