мұғалім, педагог, маңғыстау облысы, мамандық, тапшылық,

Маңғыстау облысына 200-ден астам мұғалім маманы жетіспейді

Маңғыстау облысында педагогикалық кадрлар жетіспеуде. Облыста 200-ге жуық мұғалім тапшы. Әсіресе, орыс тіліндегі пәндерге қажеттілік туындап тұр. Аталған түйткілді мәселені шешу үшін жергілікті билік органдары конкурс жариялаған. Конкурс талаптарына сәйкес, алдымен үміткерлер онлайн өтініш беріп, екі кезеңнен өтуі қажет. Бұған дейін министрлік тәжірибелі мамандардың жалақысы 500 мың теңге шамасында болуы мүмкін екенін айтқан болатын.  Мұғалімдерді баспанамен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді.

“Облыс әкімдігі жанынан комиссиясы құрылды. Комиссия қабылданғаннан кейін барлық талапкерлер тестілеу тапсырып, эссе жазу үшін Назарбаев зияткерлік мектебіне жіберіледі. Ал, келесі кезеңде Білім министрлігімен онлайн сұхбат өтеді”,-деді Облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.


Обсуждать