заңсыз тауар, заңсыз өнім, шекара, ауыл шарушылығы министрлігі,

Шет елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстанға алып келу тыйылмай тұр

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Былтыр шет елдерден және Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерден карантинге жатқызылған қауіпті өсімдік өнімдерін Қазақстанға алып кіру кезінде 2 478 заңсыздық орын алған. 

Атап айтқанда, Өзбекстаннан 1 321 рет «қол жүгі» арқылы тыйым салынған өсімдіктерді алып өтпекші болған. Оның ішінде фитосанитариялық сертификатсыз - 675, екінші тексеруге ұсынбау - 189, карантиндік объектілерді анықталуы - 114, орамада таңбалаудың болмауы - 96, карантинге жатқызылған өнімді жарамсыз фитосанитариялық сертификатпен әкелу - 50, фитосанитариялық талаптарды бұзу - 21, карантинге жатқызылған өнімді жол жүру жолын ауыстыру және 1 тыйым салынған өнімді алып келу фактілері 11 рет орын алған.

- Карантинге жатқызылған және фитосанитариялық қауіптілігі жоғары өнімдерді Қазақстан шекарасынан өткізу кезінде Өзбекстан Республикасынан 1478, РФ 734, Қырғыз Республикасынан 151, Қытай Халық Республикасынан 52 және басқа елдерден өсімдіктер карантині саласында 63 заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ заң бұзған елдерге министрлік тарапынан сәйкессіздік туралы 488 нотификация жіберілді,-деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, заңды өрескел бұзған экспорттаушы кәсіпкерлерге 657 әкімшілік, яғни 38,6 млн. теңгеге айыппұл салынды. Көлемі 9,6 мың тонна, 2,8 мың текше метр және 110 мың дана отырғызу материалдары бар карантинге жатқызылған 2 101 өнім партиясы кері қайтарылды.


Обсуждать