
Редакция
Шымкентте күдікті полиция бөлімінде жауап алу барысында қаза тапты
Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.
8 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында 1990 жылы туылған азамат қымбат шет ел автокөліктерін айдап кету қылмысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратында жеткізілген. Жауап алу кезінде күдікті өзін нашар сезініп, ес-түсін жоғалтқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтаған.
«Азаматтан жауап алу барысында бірден өзін нашар сезінгенін айтқан. Оған сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылған. Азамат жедел жәрдем келгенше, ес-түсін жоғалтқан. Жедел жәрдем қызметкерлері тексеру барысында азаматтың мезгілсіз қайтыс болғанын растап, тіркеген», деп жазылған Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.