твиттер, илон маск,

Twitter желісі кейбір пайдаланушыларға ақылы болуы мүмкін

Осыдан бірнеше күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған кәсіпкер Илон Маск алдағы уақытта желінің кейбір қолданушыларға ақылы болатынын жеткізді.

«Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», - деп парақшасына жазды.

Айта кетейік, белгілі өнертапқыш аталған әлеуметтік желінің сөз бостандығына қызмет ететінін мәлімдеді.


Обсуждать