сұхбат, Асхат Асылбеков, билік, халық, Нартай аралбайұлы,

«Қылмыскер билік және сатқын халық» - саяси сарапшы Асхат Асылбеков

«Халық салық төлемейді, халық алданады, жер учаскесі үшін де пара беретін халық. Сатқындық болмаса оны қалай атауға болады? Ерліктеріңді, батырлықтарыңды дәлелдеңдер. Өз пікірлеріңді айтыңдар, саяси партия құрыңдар, бейбіт митингке шығыңдар». Бұл пікірді саяси сарапшы, заңгер Асхат Асылбеков журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

«Билікті жамандай береміз. Биліктегілер парақор, қолынан не келсе, соны істейді, отырған жерінде байи береді. Олар дүниені адал еңбекпен тапқанын дәлелдесін. Билікпен бәрі түсінікті деп ойлаймын. Ал халық ше? Алматыдағы митингке қараңыз. Ең көбі 300 адам шығады. Сонда 2 миллиондық Алматыда, бір миллион тұрғыны бар елордада адам жоқ па? Сатқындық болмаса оны қалай атауға болады? Халық салығын төлемейді, халық алданады, жер учаскесі үшін пара беретін де халық. Парақор шенеунік болса, сол ақшаны беріп тұрған халық қой. Егер ол өз мұңын, ренішін айтпаса, ол-сатқын, қорқақ. Ерліктеріңді, батырлықтарыңды дәлелдеңдер. Өз пікірлеріңді айтыңдар, саяси партия құрыңдар, бейбіт митингке шығыңдар, петиция жазып, билікке жеткізіңдер. Мысалы, қаңтар оқиғасынан кейін қаншама өзгеріс болды. Неге? Себебі, билік халықты көрді. Алматыда болған митингтерге ары кетсе, 500 адам шығатын. Ол халық емес қой»,-деді заңгер Асхат Асылбеков.


Обсуждать