Хизб ут-Тахрир, экстремизм, әйелдер қанаты, өзбекстан, андижан,

Өзбекстанда экстремистік ұйымға қатысы бар бір топ әйел ұсталды

«Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының «әйелдер қанаты» өкілдері Түркиялық азаматшаның тапсырмасымен әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жүргізген, деп хабарлайды Андижан облысының ішкі істер басқармасы.

Андижан облысындағы жедел тексеру нәтижесінде «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының «әйелдер қанаты» өкіліне қатысы бар деген 12 әйел ұсталды.

Хабарламаға сәйкес, әйелдер қауымы 1972 жылы туылған М.Х есімді Түркияда болған азаматшаның тапсырмасымен бір-бірінің үйлерінде жиі кездесіп тұрған. Және әлеуметтік желіде «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының идеясын насихаттаған.  


Обсуждать