Жұмыс істейтін жастарға пәтер беріледі

Жұмыс істейтін жастарға пәтер беріледі

Жұмыс істейтін жастарға пәтер беріледі

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан жастары – 2018» Ұлттық баяндамасының таныстырылымы өткізілді. Жиынға Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев және директор орынбасары Әсем Қайдарова қатысты. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы шынайы жағдайды хабарлау сондай-ақ, түрлі зерттеулер мен талдаулар нәтижесімен таныстыру.

Ағымдағы жылдан бастап еліміздің үш мегаполисінде пилоттық жоба ретінде жұмыс істейтін жастарға 1000 пәтер беріле бастайды. Ол тек қана бір жылдық мерзімге емес, 3 жыл берілетін болады. Оған 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін кез-келген жас үмітті,-деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 90 мыңнан аса пәтер берілген болса, оның 34 пайызы жастарға табысталған.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Әсем Қайдарова соңғы 5 жылда жастардың саны азайып келе жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, жастар санының төмендеуі 90-шы жылдардағы демографиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты. Алайда орталық сараптамасына сәйкес 2022-2023 жылдары жастар саны артады деп күтілуде. 

Жастардың арасында туу төмендеп келеді. Бұл жастар санының азаюымен және жеке мінез құлқының өзгеруіне байланысты. Жастардың некеге тұру көрсеткіштерін талдау 2014 жылдан бері барлық жастағы қалыңдықтар мен күйеу жігіттердың арасындағы қатынас оның төмендеуін дәлелдейді. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің некеге тұру жасы да біртіндеп артып келеді. Қазақстанда некеге тұрғандардың орташа жасы 27 жесқа дейін артты. Бұған жастардың экономикалық дербес болуға, білім алуға, қызметке, мансапқа ұмтылуы ықпал етеді,-дейді Ә.Қайдарова. 

 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметінше жұмыссыз жастар саны 78 500 ді құраған. Оның 23,7 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар. Ал 76,3 пайызы жалдамалы жұмысшылар. 2018 жылдың 4 тоқсаны бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6 пайыз. 

Орталық жүргізген сауалнама нәтижесінде жастардың басым бөлігі білім, баспана және жұмысқа қол жеткізуді қалайтыны белгілі болған. Сондай-ақ, елдегі құқықбұзушылық пен қылмыстың 50 пайызы жастарға тиесілі екені анықталған. Ал 2017 жылы қылмыскерлердің 7 пайызы кәмелетке толмаған жастарға тиесілі. Алайда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың өзіне қол жұмсауы, қол жұмсауға талпыныстар фактілері азайғанын айтып өту керек. Мәселен, 2017 жылы 2016 жылмен салыстарығанда өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары 81-ге төмендеген. 

Аймақтарда бос уақытын өткізу инфрақұрылымының біркелкі жағдайда дамымауы байқалады. Мәдени бос уақытын өткізу мекемелерінің ең көп саны Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарына тиесілі. Жастар ортылығы ғылыми орталығның жүргізген сауалнамалары нәтижесі бойынша Қазақстанның әрбір бесінші жасы уақытты бос өткізетін мекемелердің жұмысына қанағаттанбайды,-деді Ә.Қайдарова.   

Айта кетейік, Қазақстандық жастар үшін құндылықтардың ішінде отбасы, денсаулық, махаббат маңызды орын алады. Материалдық жағдай да жоғарғы сатыда. Алайда мамандар нарықтық, экономикалық жағдай жастардың құндылық жүйесінің өзгеруіне ықпал етіп отыр дейді.  


Обсуждать