Іздеу нәтижесі:

Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтуде
Бүгін Шымкент қаласында туристік ақпараттық орталықтардың І слеті басталды.

Отандық туризм: Шымкент туризмінің қазіргі ахуалы қандай?
Елімізде туризм бағыты күн санап дамып келеді. Себебі, соңғы жылдары бұл салаға көп көңіл мен біршама қаражат бөлініп, Қазақстанның көрікті жерлеріне қызығатындардың қатары өсті. Пандемиялық жағдайдан соң, туристер еліміздің оңтүстік бөлігіне келіп, тарихи қалалары мен тылсым табиғатымен ерекшеленетін өлкені аралауды бастап та кетті. Әрине, вирус туризм саласын тығырыққа тіреп, дағдарысқа ұшыратты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, пандемияның кесірінен отандық қонақ үйлер саны 3,9%-ға кеміп, ішкі саяхат мөлшері 60,3%-ға қысқарды. Ал, алдағы уақытта аталған саланы дамыту үшін бірқатар заманауи жобалар жүзеге асырылмақ.

Шымкентте қандай кітаптар көбірек оқылып жатыр?
Қазіргі таңда кітапсүйер қауымның қатары қалың. Шаһар оқырмандары кітапханаларды аралап, білім қорын жетілдірсе, енді біреулері арнайы дүкендерге барып, түрлі бағыттағы кітаптарды сатып алып жатады. Шымкент қаласында көпшіліктің көңілінен шығып жүрген бірнеше кітап дүкендері бар. Оқырмандар арасында сұранысқа ие кітапты анықтау үшін дүкен қызметкерлерінен осы жайында сұрап көрдік.